АТЫРАУ. 6 мамыр. Атырау облысында Жеңіс мерекесіне орай соғыс ардагерлерінің әрбіріне 100 мың теңгеден ақшалай сыйақы берілетін болды. Бұл туралы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов хабарлады.
Қазір Атырау облысында Ұлы Отан соғысына қатысқан аға ұрпақ өкілдері арасындағы ең жасы үлкені – ғасырлық ғұмырдың дәмін татқан Байғазы Байетұлы (суретте) Индер ауданының Есбол ауылында тұрады. Қария Жеңіс күні – 9 мамырда 100-ге толғалы тұр.
«Оқ пен оттың ортасынан оралған соғыс ардагерлерінің қатары Атырауда да азайып барады. Дәл қазір мұнайлы өңірде 100 соғыс ардагері бар. Аймақ басшылығы Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлерінің әрбіріне 100 мың теңгеден қаржы бергелі отыр. Жергілікті бюджеттен осы мақсатқа араны қаржы бөлінді. Бұған қоса, соғыс ардагерлерінің коммуналдық қызмет төлемдері үшін бюджеттен ай сайын 10 мың теңге беріледі», - деді ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: egemen.kz.